Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сағыздық спортшылардың жетістігі

Бүгінде Сағыз дене шынықтыру – сауықтыру кешенінде жаттығатын жастар спорттың бірнеше түрінен жақсы нәтижеге қол жеткізіп жүр.

Айталық, жастар арасында Астана қаласында өткен ММА-дан Қазақстан Республикасының Кубогі біріншілігінде 71 келі салмақ бойынша сынға түскен Наурызбек Шәкір бірінші орынды иеленсе, джиу-джитсудан жастар және жасөспірімдер арасында болған облыстық чемпионаттың файтингсистем жүйесі бойынша Шәкір Наурызбек екінші орынды, Сайфолла Кеңес (62) келі, бірінші орынды, Мұханбет Ғайни (46 келі) үшінші орынды иемденді. Сондай-ақ, аталмыш спорт түрінің неваза-систем жүйесі бойынша Рауан Сәндібай (60 келі) бірінші орынды, Сайфолла Кеңес (62 келі) екінші орынды, Шәкір Наурызбек пен Мұханбет Ғайни үшінші орынды еншіледі. Ал, «Рухани жаңғыру» аясында, балалар мен жасөспірімдер және жастар арасында грепплинг күресінен өткен Атырау қалалық ашық біріншіліктен Нұржан Сәндібай (38 келі) мен Бекзат Ғабиден (35 келі) бірінші орынға, Рауан Сәндібай (59 келі) екінші орынға, Бекзат Абай (42 келі) мен Сабыржан Сәндібай (35 келі) үшінші орынға қол жеткізіп, ауыл, аудан абыройын бір асқақтатып тастады. Бұл орайда, шәкірттерінің жетістікке жетуіне септігін тигізіп жүрген жаттықтырушы Аманжол Бекбаулиевтің еңбегі зор екендігін айта кеткен жөн.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521