Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Көрші облыстан олжалы оралды

Жақында көрші Батыс Қазақстан облысының Тайпақ ауданында ақын Сағат Әбдуғалиевті еске алуға арналған 2007-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен ашық біріншілік болып өтті. Осы сайыста тасшағылдық жас палуандар да бақ сынап, жақсы жетістіктерімен оралды.

 

Мәселен, Әлібек Фархад (42 келі) бірінші орынды иеленсе, Айбар Рафаэль (32 келі), Бекнар Мұрат (32 келі), Заманбек Нәсіпқалилар (25 келі) үшінші орынды иемденді. Ал, Серік Берікұлы «Ең жас палуан» атағына қол жеткізді. Сөйтіп, Берік Әжіалиевтің шәкірттері ауыл, аудан абыройын асқақтатып тастады.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521