Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

Атырау қаласындағы «Нұрсая» спорт кешенінде «Қазақстан барысы» турнирінің облыстық іріктеу кезеңі өтті.

Онда Атырау қаласынан және аудандардан қатысқан палуандар боз кілемде белдесіп, өзара мықтыны анықтады.

Айта кетейік, осыған дейін өткен республикалық турнирдің аудандық кезеңінде Жанұзақ Ермағанбет 1 орынды, Бекбол Мұқаш ІІ орынды иеленіп, облыстық кезеңге өткен болатын.

Нәтижесінде, жерлес қос палуан ақтық сында кездесіп, Атырау қаласының өкілі Сұңғат Закарияев турнир жеңімпазы атанса, екінші орынды ауданымыздың спортшысы Жанұзақ Ермағанбет (Қызылқоға ауданы) иеленді. Ал, Құрманғазы ауданынан қатысушы жерлесіміз Дулат Бәгенов үздік үштікті түйіндеді. Жерлестеріміз алдағы республикалық додада жеңіспен оралады деп сенеміз.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521