Жақында Исатай ауданында мәдениет және өнер қызметкерлерінің арасында облыстық «Өнер барысы» болып өтті.
Онда аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Тайсойған ауылдық округі бойынша спорт нұсқаушысы, өнер мен спортты қатар алып жүрген Досқали Есболат +90 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, ІІ орынды иеленді. Ал, жайдарманшы Парасат Қайпан мен асаба Асылбек Қазиев өз салмақтарының жеңімпазы болса, Берік Амантаев ІІ орынды иемденді.
Осылайша, өнер мен спортты қатар алып жүрген палуандарымыз аудан абырайын асқақтатып қайтты.