Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ІҢКӘР – «ҮЗДІК ОЙЫНШЫ»

Таяуда Махамбет ауданында ауыл спортының жанашыры, білім саласының үздігі Марат Аменовты еске алуға арналған волейболдан 2012-2013 жылы туған жасөспірім қыздар арасындағы облыстық ашық турнир болып өтті.

Жарысқа 12 команда қатысып, Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қыздар волейбол командасы үздік ойын өрнегін көрсетті.

Атап айтсақ, топтық кездесулерден топ жарған аудан командасы жартылай финалда Жылой командасын 2:0 есебімен жеңсе, финалдық кездесуде Исатай командасын да 2:0 есебімен ұтып, І орынды иеленді.

Сондай-ақ, жарыстың «Үздік ойыншысы» атағын команда ойыншысы Іңкәр Жаңабай иемденді. Осы тұста, осындай үздіктерді дайындаған жаттықтырушы Айбол Ысқақовтың еңбегі орасан зор екендігін айта кеткен жөн.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT