Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Мақат ауданында асық атудан 2010-2012 жылы туылған ұлдар арасында облыстық чемпионат болып өтті.

Онда Жаңашаруа орта мектебінің 6-сынып оқушылары Жандос Жанболат, Бекзат Дәулетбай, Заңғар Тұрланұлы және 7-сынып оқушысы Назарбек Байболсындар аудан намысын абыроймен қорғап, І орынды жеңіп алды. Сөйтіп, олар 27-30 сәуір аралығында өтетін республикалық чемпионатқа жолдама алды. Көз мергеншілердің осындай жетістікке жетуіне жаттықтырушы Сүндет Райстың еңбегі зор. Жерлестердің алдағы уақыттағы жарыстан жеңіспен оралуына тілектеспіз.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT