Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраулық жас дзюдошылар Азия кубогінен олжалы оралды


Атыраулық жас дзюдошылар Азия кубогінен олжалы оралды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Алматыда «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогы өз мәресіне жетті. Аталған спорттық додаға 2006-2007 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер мен 2003-2005 жылдары туған жас татами шеберлері қатысты. Биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отырған Азия кубогіне Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия, Гонконг, Түркіменстан, Грекия, Грузия және АҚШ-тан барлығы 400-ден астам дзюдошы бақ сынады. 

Атыраулық жас татами шеберлері екі күндік бәсекеде ел намысын қорғап, 1 алтын, 5 қола медальға қол жеткізді. Қыздар арасында 40 келі салмақ дәрежесінде Зере Өтепқали алтын жүлдеге ие болды. Ал Әсел Русланова қола жүлде еншіледі. 57 келі салмақ дәрежесінде Дамеля Асылханова, 70 келі салмақ дәрежесінде Әниса Ибатолла, 70 келіден жоғары салмақта Айымзада Думанқызы үшінді орынды олжалап, қола медальдің иегерлері атанды. Сонымен қатар ұлдар арасында 66 келі салмақта Дидар Аманжол қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейкі, дзюдодан Бекет Махмұтов атындағы турнир 2017 жылдан бері Алматы қаласында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT