Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АТЫРАУДА БОЛАШАҚ ТҰМАР ХАНША ӨСІП КЕЛЕДІ

Батыс өңірде тағы бір Тұмар ханша өсіп келе жатыр. 11-сыныпта оқитын атыраулық Дария Болат ат баптап ғана қоймай, садақ атудың да қыр-сырын меңгерген. Аттың жалынында, атанның қомында өсіп,жауынгерлік өнерін жанына серік еткен жас қызды атыраулықтар «Тұмар ханшаның ізбасары» деп атап кеткен.

Сайыпқыран қыз облыстық, республикалық талай байрақты бәсекеде топ жарып жүр. Ер адамдар келсе, көп жақтырмайды. 1 жыл болды арғымағымды алғаныма. Маған үйренісіп кетті. Дария биыл мектеп бітіреді. Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындықтан соң, арғымағына асығады. Оны баптап, жем-шөбін береді. Күніне 2 сағат атпен серуендеуді әдетке айналдырған. Дария Болат, оқушы: - Атқа деген қызығушылығым «Жаужүрек мың бала» деген фильмнен басталды. Ол кинода Сартай және Қорлан деген батыр болды. Сол батыр қызға еліктеп, осылай аттың үстінде садақ атсам деген, атқа деген қызығушылығым басталды. Содан бері өзім ат алғым келіп, атқа ақша жинап, өзім ат сатып алдым. Жаны қалап алғаны – осы жиренқасқа. Дарияға әбден үйренген. Бала күнінен жылқыны жақсы көретін қыз кейін садақ атуға қызығыпты. Өңірдегі белгілі мергеннен сабақ алып, садақ пен жебені жанына серік еткен. Қазір осы жиренқасқасының үстінде жамбы атып шынығып жүр. Дария Болат, оқушы: - Ең бірінші жарысым аттың үстінде Елордамыз Астана қалсындағы жарыс болды. Аттың үстінде жамбы атуға қатыстым. Көптеген ер адамдардың ішінде қыз бала болып қатысу оңай болмады. Сонда да тәуекел жасап қатыстым. Көптеген адамдар таңқалып садақ атқаныма, талпынысың жаман емес деп мақтады. Дарияның әкесі Болат қазір қызына қолайлы жағдайдың бәрін жасайды. Басында атқа мінуіне рұқсат бермегенімен, кейін қалауына қарсы келмепті. Қызының талпысына қуанып, үнемі жанында болуға тырысады. Болат Берекенов, Дарияның әкесі: - Негізі қарсы болдық. Жылқыға мініп, қолын сындырып, саусағын сындырғаннан кейін. Бірақ одан бері қарай қолына гипс салып, жасырын атқа мініп, өзі тоқтатпаймын, папа, осыны алып кетейін деп едім, дамытайын деп едім деп, бала күнінен малға жақын екенін байқағасын қолын қаққан жоқпыз. Дария мектебін бітірген соң, ұлттық спорт академиясына оқуға түсуді жоспарлап отыр. Түбім түркі, түлігім жылқы дейтін мерген қыз өңірдегі ұлттық спорттық дамуына өз үлесімді қоссам, дейді.

Асланбек Шығыр, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT