Атырау қаласында оқушылар арасында асық атудан ұлттық мектеп лигасы өтті.
Оған аудандар мен Атырау қаласынан командалар қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жарыс нәтижесінде, 7-8 сынып оқушылары арасындағы ұлдар бәсекесінде көздіғаралық Нұрбай Қайырғали, Жігер Серікбай, Тоқтар Серіктер І орынды жеңіп алса, 9-11 сынып оқушылары арасындағы ойында Атабек Ахмет, Толысбай Қосаман, Зейнолла Сағидоллалар І орынға ие болды. Екі топ оқушылары да Көкшетау қаласында өтетін ел чемпионатына жолдама алды. Оқушыларды жарысқа дайындаған жетекшісі Сүндет Райстың еңбегін ерекше атап өткен жөн.
Гүлмира МАҚСОТ