Таяуда Қызылорда қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өткізілді.
Оған Атырау облыстық құрамасымен бірге сағыздық Ерхан Мұрат қатысты.
Нәтижесінде, 42 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз алты белдесу өткізіп, І орынды жеңіп алды. Жас спортшының жеңіске жетуіне Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер мектебіне қарасты Сағыз спорт кешенінің жаттықтырушысы Сәлімгерей Нұрболғановтың еңбегі зор.
Гүлмира ҚАНАҒАТ