Атырау қаласында волейболдан ұлттық мектеп лигасы өтті.
Оған аудандар мен Атырау қаласынан командалар қатысып, өзара бақ сынады. Аталмыш жарыста өнер көрсеткен қызылқоғалық команда өз тобында Құрманғазы ауданының командасын 2:0 есебімен ұтса, Махамбет ауданының командасынан 2:1 есебімен есе жіберді. Ал, үшінші орын үшін болған бәсекеде Атырау қаласының командасын 2:0 есебімен жеңіп, жарыстың қола жүлдегері атанды.
Осы орайда, жерлес команданы жарысқа дайындаған Айбол Ысқақов пен Руслан Нұрғалиевтің еңбегі зор.
Гүлмира ТІЛЕГЕНОВА