Ақтау қаласында Маңғыстау балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында республикалық «Жас батыр кубогі» турнирі өтті.
Жарысқа еліміздің он облысынан екі жүзге жуық палуан қатысып, сегіз салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Аталмыш сында аудан намысын абыроймен қорғаған сағыздық Бауыржан Тасыбайұлы (34 келі) мен миялылық Ернұр Мәдиұлы (24 келі) екінші орынға ие болса, тағы бір сағыздық жас палуан Дамир Асылбекұлы 38 келі салмақ дәрежесі бойынша үшінші орынға қол жеткізді.
Осылайша, республикалық турнирден үш медаль еншілеген жерлестер аудан мерейін үстем етіп оралды. Осы орайда, жас палуандарды жарысқа дайындаған жаттықтырушы Роман Майлашев пен Сәлімгерей Нұрболғановтың еңбегі зор екендігін айта кеткен жөн.