Өткен апта аудан дзюдосы үшін табысты болды.
Соның бір жарқын дәлелі – мұқырлық Арсен Сәуенннің Орал қаласында өткен республикалық турнирде топ жаруы. КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қамеш Есмағұловтың 80 жасқа толу мерейтойына арналған колледж және жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен жарыста +90 келіде белдескен Арсен үш қарсыласын түгел ұтып, алтыннан алқа тақты.
Қазіргі таңда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің спорт және денешынықтыру мамандағының бірінші курсында оқитын ол бұл жетістікке жетуіне бапкері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Әбдуәлиевтің қосқан үлесі зор деп біледі.