Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 70 жылдығына орай кір тасын көтеру мен қол күресінен жастар арасында аймақтық турнир өтті.
Бұл жарысқа Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облысынан білегінен күш саулаған жүзге жуық спортшы қатысты. Аталмыш турнирде аудан намысын қорғаған Қаракөл орта мектебінің 11-сынып оқушысы Елнұр Жалғасов абсалюттік салмақта сынға түсіп, 16 келілік кір тасын екі қолмен 112 мәрте көтеріп, жарыс жеңімпазы атанды.
Сондай-ақ, «Үздік техникасы» үшін дипломымен марапаттады. Бесінші сыныптан бері кір тасын көтерумен айналысатын Елнұрды жарысқа дайындаған Ришат Ғалиахметовтың да еңбегі зор.