Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚОС ЖЕРЛЕС ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР

Атырау қаласында дзюдо күресінен ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Төрт күнге созылған жылдың басты жарысына еліміздің барлық өңірінен сайдың тасындай іріктелген балуандар қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы дзюдо федерациясының президенті Асхат Жеткиев жанкүйерлердің көзінше жерлестеріміз Асан Раушановқа VI Дан, Асхат Тельмановқа ІІІ Дан, Ғалымжан Смағұловқа  ІV Дан сертификатын табыстады.

Бұдан соң балуандар жарыс жолына шығып, ерлер жеті, әйелдер алты салмақ бойынша сынға түсті. Байрақты бәсекеде 100 келі салмақта облыс намысын қорғаған жерлесіміз Сұңғат Закарияев өз тобында жеңімпаз атанғанымен, жартылай финалда Жетісу облысының балуанына есе жіберіп алды. Ал, үшінші орын үшін болған тартысты бәсекеде алматылық қарсыласынан айласын асырып, қола жүлдегер атанды. Осылайша, дзюдодан ұлттық құрама сапына алынған Сұңғат келесі жылдан бастап халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын болады. Сондай-ақ, бұл додада 66 келіде облыс намысын қорғаған Мұқыр ауылының тумасы Айболат Ыстыбай да қола жүлдегер атанғандығын айта кеткен жөн.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521