Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жерлестеріміз республикалық турнирде топ жарды

     Орал қаласында кіші аяқ доптан 2008-2009  жылы туған жасөспірімдер арасында «Baiterek Cup» атты республикалық турнир өтті.

     .     Аталмыш турнирге қатысқан аудан аяқдопшылары жеребе бойынша В тобына түсіп, топтық іріктеуде барлық қарсыласынан басым түсті.
     Жартылай финалда «Батыс Қамқор» командасын 2:1 есебімен жеңіп, ақтық сынға жолдама алған жерлестер  жергілікті «Бәйтерек» командасының қақпасына жауапсыз 4 гол салып, жарыс жеңімпазы атанды. Осылайша республикалық турнирде топ жарған жерлестер аудан футболының болашағы жарқын екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Додада топ жарған жасөспірімдер Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Бауыржан Досқалиев, Бекзат Өтешов, Шыңғыс Серікұлы сынды бапкерлерден тәлім алатындығын айта кеткен жөн.

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521