Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ДЖИУ-ДЖИТСУШЫЛАР ДОДАСЫ

    Миялы спорт кешенінде жасөспірім ұлдар арасында джиу-джитсудан облыстық ашық турнир өтті. Бұл жарысқа Тасқала, Сарқамыс, Дамба, Самал, Исатай және жергілікті Сағыз, Миялы командаларынан 200-ге жуық спортшы қатысты.

    Жарыстың ашылу салтантында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Гаухар Құрманғазиева мен Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы, ауданның Құрметті азаматы Мәлік Сүлейменов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұдан соң, Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры атынан джиу-джитсу спортын облыстық деңгейде дамытып жүрген бір топ азаматқа алғыс хат табысталып, құрмет көретілді. Сондай-ақ, таяуда ғана әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған миялылық Дарын Алғазыға 50 мың теңгенің сертификаты табысталды.

    Ашылау салтанатынан соң жас өрендер татамиге шығып, тартысты жекпе-жекті бастап кетті. Бұл спорт ауданда енді-енді қанатын жайып келе жатқанына қарамастан жерлес балуандар намысты қолдан бермеді. Нәтижесінде өз салмақтарында Бекболсын Жанболат (Сағыз), Ақжүрек Мақсот (Миялы) Әнуар Жалғасбай (Сағыз), Жансерік Мақсот (Сағыз), Нұржан Бексұлтанұлылар (Миялы) қарсыластарын қапы қалдырып, жеңімпаз атанды. Жалпы медаль саны бойынша Сарықамыс командасы бірінші, миялылық өрендер екінші, Самал командасы үшінші орынды жеңіп алды. Барлық жеңімпаз, жүлдегерлерге диплом мен медальға марапатталды.

 Дулат МӘТЖАН

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521