Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МЕРГЕНДЕР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Бүгінде садақ ату спорты аудан көлемінде жақсы дамып келеді. Осы бағытта, Атырау қаласында қаңтар айында бастау алған Сарайшық мергендер лигасы 19 мамыр күні қорытындыланды. Іріктеу қорытындысына сәйкес, жоғарғы лигага – 16, қосымша лигага – 16 мерген іріктелді.

Оның ішінде, төрт мерген аудан намысын қорғаған болатын. Нәтижесінде, қосымша лиганың қорытындысы бойынша Тойлыбек Қабиев ІІІ орынды иеленді.

– Садақ ату – қазақтың қанында бар өнер. Жаугершілік заманда ата-бабамыздың мінер аты белдеуде, бес қаруы кереге басында сақталып, әр ауылдың ұландары кез келген жағдайға дайын болуға машықтанғаны аян. Осы бес қарудың бірі – садақ ату өнері заманға сай қайта жаңғырып жатқаны көңіл қуантады. Осындай, мергендердің сайысын өткізудегі басты мақсат – қазақ елінде ұлттық құндылықтарды көтеру, ұмытылған дәстүрді жаңғырту. Әрине, бабамыздан аманат етілген құндылықты әр қазақтың бойына сіңіру кез келген азаматтың міндеті. Сонда ғана ел ұландарының болашағы жарқын болмақ, - дейді аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ризабек Амантайұлы.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT