Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Мәжіліс депутаты Нұрлыбек Ожаев атыраулық спортшылармен кездесті

Атырау облысына жұмыс сапары аясында Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлыбек ​ Ожаев спортшылармен кездесті.

"Мерген" спорт клубында өткен кездесуде спорт саласындағы мәселелер талқыланды.

«Атырау облысында 17 спорт мектебі бар. Қазіргі таңда онда 14 мыңға жуық бала спортпен тегін шұғылдануда. ​ Дені сау ұлт – мемлекеттің басты байлығы. Сондықтан, жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулу, болашақта елімізді әлемге әйгілейтін чемпиондарды тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар жалғасады» деді Мәжіліс депутаты Нұрлыбек ​ Ожаев.

Еске сала кетелік, "Мерген" спорт клубы 2018 жылы ашылды. Клуб жауынгерлік жекпе-жек түрлері бағытында жұмыс істейді. ​ Онда бокс, жекпе-жек, грепплинг спорттары бойынша жаттығу жұмыстары жүруде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT