Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҚР ҰОК: бұқаралық спортты дамытпай үлкен жетістікке қолжеткізе алмаймыз

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында шаңғы спорт түрінен, биатлоннан спортшылар сәтсіз өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша нәтижелерге талдау жасалады. Қысқы спорт түрлерін дамыту жолдары қарастырылады. Бұл туралы Орталық коммункиациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов мәлімдеді.

«Елімізде бұқаралық спорттың даму деңгейі қазіргі кезде өте төмен. Солтүстік өңірлерде шаңғы спорты дамытылмайды, мектептерде шаңғы теуіп үйретпейді. Ауылдық жерлерде спорттық кешендер салу мәселесі әлі де күн тәртібінде тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамыту, дене шынықтыруға көп көңіл бөлуді тапсырды. Ұлттық олимпиада комитеті тарапынан біз өз ұсыныстарымызды беріп жатырмыз. Бұқаралық спортты дамытпай, ауылдық жерлерге көңіл бөлмей, жарыстар санын арттырмай, әсіресе жастар, балалар арасында, үлкен жетістікке, медальға қолжеткізу мүмкін емес. Сондықтан бұрынғы спорттық қоғамдарды жандандыру керек. Бәріміз атсалысып, күш-жігерімізді жұмсасақ, болашақта елімізде Қысқы спорт түрлерін жақсы деңгейге шығаруға мүмкіндік бар», - деді Е.Қанағатов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT