Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МҰҚЫРЛЫҚ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай волейболдан ерлер арасындааудандық біріншілік өтіп, оған Жамбыл, Тасшағыл, Көздіғара, Ойыл, Мұқыр, Сағыз, Тайсойған, Миялы округтерінен барлығы 8 команда қатысты.

«Миялы»денешынықтыру-сауықтыру кешенінде өткен жарысты аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев құттықтау тілекпен ашса, аудандық мәслихат хатшысы Альберт Аққайнанов жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Бұдан кейін дүбірлі дода басталып, командалар екі топқа бөлініп, өзара кім мықтыны анықтады. Тартысты өткен жарыс нәтижесінде Мұқыр ауылдық округінің командасы жарыс жеңімпазы атанса, олардан ақтық сында ұтылған миялылықтар екінші орынға ие болды. Ал, қола жүлде Жамбыл ауылдық округінің командасына бұйырды. Жарыстың «Үздік ойыншысы» болып мұқырлық ҒамзатҚұспанғали мен миялылық Ерелхан Еламан танылса, спортқа деген жанашырлығымен жастарға үлгі болып жүрген мұқырлық спорт ардагері Құспанғали Орысбаевқаұйымдастырушылар атынан арнайы сыйлық табыс етілді.

Дулат МӘТЖАН

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521