banner_damu

Атырауда параволейболшыға жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды

Атырау облыстық  ұлттық параволейбол командасының ойыншысы Бауыржан Сартаевқа 2 бөлмелі пәтер берілді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Параспорстменге жаңа пәтердің кілтін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов "Sport Awards Atyrau - 2021"спортшыларының жыл сайынғы іс-шарасы кезінде табыс етті.

Бауыржан Сартаевтың жаңа пәтері Береке шағын ауданында орналасқан. Жаңа қонысына спортшы жақында жұбайымен және  үш баласымен бірге көшеді.

- Біз пәтер жалдадық, содан кейін қала сыртындағы саяжайда тұрдық. Әсіресе балаларға мектепке жету қиын болды, өйткені саяжай қаладан едәуір қашықта орналасқан.

Жаңа үйімізге мектеп, балабақша ,  азық-түлік дүкендері де жақын, - деді жаңа пәтердің иесі.

Бауыржан Сартаев 33 жаста. Ол осыдан 10 жыл бұрын параволейбол командасына  қабылданған.

Бұған дейін спортшы "Ұлан" ұлттық гвардиясының қатарында, кейін ішкі істер органдарының құрамында қызмет еткен. Қазіргі таңда Бауыржан отырып ойнайтын волейболдан ұлттық құраманың алғашқы ойыншысы.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика