Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраулық спортшылар Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатында топ жарды

24-28 қаңтар аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында аралас жекпе-жектен ерлер арасында әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тартысты бәсекеде 52,2 келі салмақ дәрежесінде атыраулық спортшылар Ерұлан Қабдолов және 70,3 келі салмақта Неймат Асадов әлем чемпионатының қола жүлдесін еншіледі.

Спортшыларды әлемдік додаға олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушылары Бауыржан Берғали мен Манап Қабдиев ​ дайындады.

Атап өту керек, Қазақстан ұлттық құрамасы Абу-Даби қаласында өткен әлем біріншілігінде 4 алтын, 7 күміс және 12 қола жүлде жеңіп алды.

Дүние жүзі көз тіккен чемпионатта әлемнің 56 елінен келген 421 спортшы бақ сынасты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521