Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қазақстан құрамасы көкпардан чемпион атанды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында көрермендер асыға күткен көкпардан жеңімпаз анықталды. Финалдық бәсекеде бұған дейін қарсыластарына еш мүмкіндік бермеген Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары жолықты. 

Қазақстан финалға дейін Өзбекстанды 16:0, АҚШ-ты 12:4, Ресейді 18:2 есебімен жеңсе, қырғыздар Моңғолия (16:0) мен Түркияға (15:1) еш мүмкіндік бермеді.

Бұған дейінгі Қазақстан мен Қырғызстанның өзара ойындары:

2016 жыл. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Финал

Қырғызстан-Қазақстан 15:3

2022 жыл. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Финал

Қазақстан — Қырғызстан 4:3

2024 жыл. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Финал

Қазақстан — Қырғызстан 5:4

Финалдық ойынға билеттер алдын-ала сатылып кетіп, трибунаға 30 мың жанкүйер жиналды. Бірінші таймның екінші минутында-ақ Ернар Жарылқасын жылдам есеп ашқанымен, қырғыздар 3 салыммен жауап берді.

Екінші таймда алаң иелері намысқа тырысып, Абылайхан Нышанбек 2 салым және құраманың көшбасшысы Құрманбек Тұрғамбек 1 салым салып, қайта алға шықты. Дегенмен ойынның бітуіне небәрі 30 секунд қалғанда қонақтар тараз басын теңестіріп, кездесу қосымша таймға ұласты.

Қосымша таймның 4-минутында Құрманбек Тұрғанбек Қазақстанға жеңіс әперді. Есеп: 5:4

Ұлттық құрамада салым салған ойыншылар:

Абылайхан Нышанбеков — 12

Құрманбек Тұрғамбек — 10

Ернар Жарылқасын — 8

Ернат Мәлімбай — 7

Арман Жамалбек — 5

Ұлан Байтөреев — 4

Бақытжан Әзімбай — 3

Әділет Мамыт — 3

Дәулет Айтан — 2

Құлажан Тоғайбаев — 2

Есжан Құрманбай — 1

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521