V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында құсбегілік өнері бойынша сынға түскен атыраулық спортшы Арман Қошқаров дүбірлі додаға баптап жүрген екі бірдей бүркітін әкелген.
"Финалда сәтті өнер көрсеттік. Қазақстандық құсбегілердің қай-қайсы да жақсы нәтиже көрсетті. Финалға Нарын есімді құсыммен шықтым. Екінші құсым іріктеу турнирінен өтті, дегенмен, Нарынның жылдамдығы жоғары болды" дейді құсбегі Арман Қошқаров.
Еске сала кетсек, құсбегілік өнер бойынша финалға 10 құс шықты. Қатысушылар арасында Қазақстан, Испания, Ресей, Қырғызстан және басқа да мемлекеттер бар.