Миялы спорт кешенінде ерлер және әйелдер арасында волейболдан «Қызылқоға лигасы» басталды. Мақсат – салауатты өмір салтын насихаттап, ауыл спортының деңгейін көтеріп, спорттың бұқаралығын арттыру.
Спортшылар арасында достық қарым-қатынасты қалыптастырып, ауданда волейбол спортын дамыту.
- Спортты жаны сүйетін жастардың волейбол ойнауға деген ынтасы зор. «Қызылқоға лигасының» алғашқы ойынында «Жангелдин» мен «Мөлтек» ұлттық волейбол құрамалары сайысқа түсіп, 3:2 нәтижесімен «Жангелдин» командасы жеңіске жетті. Осылайша әр аптаның сенбі күні командалар сайысқа түседі. Одан бөлек, миялылық «Телевишка-Дидар», «Динамо» (Водстрой), «ПМК-Достық», «Керуен», Тайсойған ауылынан «Тайсойған», көздіғаралық «Қоныстану», қызылқоғалық «Қарабау» командалары 21 қазанға дейін ерекше ойын көрсетеді. Осы орайда, жарыстың ұйымдастырушысы, спорт жанашыры Алмаз Есенғалиевқа алғыс зор, - дейді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ақнұр Аязбайқызы.
Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА