Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Абылай Гран-Приде белдеседі

жерлес балуан
жерлес балуан

 Жақында Шымкент қаласында парадзюдодан Қазақстан Республикасының Кубогы үшін жарыс өтті.

Оған еліміздің барлық өңірінен көру жүйесі зақымданған парадзюдошылар қатысып, екі күн бойы боз кілемде белдесті. Байрақты бәсекеде J1 санатында 90 келі салмақта облыс намысын қорғаған Абылай Әділбеков алғашқы белдесулерінде Астана қаласы мен Түркістан облысының балуандарын жеңіп, ақтық сынға шықты. Ал, финалда  тағы бір астаналық балуанмен белдесіп, сәл ғана ұпай айырмашылығымен жеңіліп, күміс жүлдегер атанды. 
Бүгінде атыраулық бапкер Жандос Қияновтың қол астында жаттығатын Абылай осы жеңісінен кейін наурыз айында Мысыр елінің Александрия қаласында өтетін Гран-При жарысына дайындықты бастап кетті. Ендеше, жерлес балуанға «Сәттілік серік болсын» демекпіз. 
Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз