Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ерсінге қошемет

 Өткен аптаның бейсенбісі күні жерлестер Қырғызстан елінде дзюдодан есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында өткен Азия чемпионатында топ жарған Ерсін Болатовты зор қошеметпен күтіп алды. Салтанатты шараға бапкерлер, спортшылар, аудандық сот ұжымы және Ерсіннің туыстары қатысты. Сол жерде Ерсіннің бапкері Роман Майлашев жарысты ұйымдастыру деңгейі мен Ерсіннің белдесулері туралы айтып берсе, аудандық сот ұжымы балуанға естелік сыйлық табыстады. Ал, Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Болатбек Меңдіғалиев «Ерсіннің жеңісті жолы кейінгі жас буынға үлгі болсын» деген тілегін жеткізді. Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT