Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ШЫН ЖҮЙРІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

     Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Миялы спорт кешенінде шахматтан аудандық жарыс өтті. Тартысты бәсекеде Миялы, Сағыз, Жангелдин, Ойыл, Тасшағыл, Тайсойған, Көздіғара ауылдық округтерінен 12 шахматшы қатысып, бақ сынады.

          Ойын қортындысы бойынша ерлер арасында Сағыз ауылынан қатысушы Серік Сағынов жеңімпаз атанды. Ал, Тайсойған ауылынан қатысушы Азат Ахметов ІІ орынды, Миялы ауылынан қатысушы Ерлан Аққайнанов ІІІ орынды иеленді.

     Әйелдер арасында Миялы ауылынан қатысушы Ақжарқын Қабиева жеңімпаз атанса, Ойыл ауылдық округінен қатысушы Гүлфира Сисенбай  ІІ орынға ие болды. Сондай-ақ, жарысқа қатысушы сағыздық Досан Қимаденов  "Үздік ойыншы" атанды.

     Жарыс соңында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен диплом және медальдар табысталды.

Кәмшат ӘБІШ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521