Жақында Маңғыстау облысында жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында КСРО спорт шебері Баламұрат Ақшабаевты еске алуға арналған дзюдо күресінен халықаралық турнир өтті.
Жарысқа Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Әзербайжан елдерінен бөлек Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Атырау қаласынан жас балуандар қатысып, бақ сынады. Бұл жарыста біздің аудан намысын сағыздық жасөспірімдер қорғап, жүлдемен оралды.
Алдымен ұлдар арасында 50 келіде бақ сынаған Дидар Аманжол қарсылас шақ келтірмей турнир жеңімпазы атанса, қыздар арасында 40 келіде белдескен Жазира Қожық үшінші орынды иеленді.
Осылайша, жергілікті татами шеберлері халықаралық турнирде аудан мерейін үстем етті. Осы орайда, жеңімпаз-жүлдегерлерді жарыс жолына дайындған Сәлімгерей Нұрболғанов екенін айта кетейік.