Жақында Абу-Даби қаласында жастар арасында өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатына қатысқан сағыздық спортшы Әмірше Ғибрат жүлделі оралды.
Өз салмағы (46 келі) бойынша файтинг бөлімі бойынша сынға түскен Ғибрат ақтық бәсекеге дейін қарсылас шақ келтірмеді. Тек финалда ол ресейлік спортшыға есе жіберді. Осылайша, жерлес спортшымыз ұлттық құрама намысын абыроймен қорғап, ел қоржынына күміс жүлде әкелді.
Нұрәділ ЕЛАМАН