Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бокстан облыстық турнир жалғасуда

Кеше Миялы спорт кешенінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған бокстан жас-өспірімдер арасындағы облыстық ашық турнир өз жалауын желбіретті.

Аудан тарихында тұңғыш рет өтіп жатқан байрақты бәсекеге Ақтөбе облысының Қандыағаш, Байғанин, Ембі, Атырау облысының Мақат, Құрманғазы, Индер, Исатай, Жылыой, Қызылқоға аудандарынан және Атырау қаласының БЖСМ-2, БЖСМ-3, БЖСМ-4 командалары қатысып жатыр.

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев қонақтарға қош келдіңіз айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілесе, Атырау облысы бокс федерациясының вице-президенті Батырхан Асқарұлы ұйымдастырушыларға алғысын айтты. 2006-2007 және 2008-2009 жылдары туған жасөспірімдер арасында өтіп жатқан жарыста балғындар 18 салмақ бойынша өзара кім мықтыны анықтайды. Жарыстың іріктеу кезеңі 26-27 ақпан күндері өтсе, жартылай финалдық бәсекелер 28 ақпанда болады. Ал, финалдық кездесулер мен марапаттау рәсімі 29 ақпан сенбі күні өтеді деп жоспарлануда. Жарыс күн сайын 14:00-де басталады.

Қорыта айтқанда, былғары қолғап шеберлері төрт күн бойы шаршы алаңның шаңын қағатын болады. Ендеше, болашақ олимпида чемпиондарының өнерін тамашалағыңыз келсе Миялы спорт кешеніне асығыңыз, ағайын.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT