Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Аудан командасының абыройы асқақ

Жақында Жылыой ауданы Жаңа Қаратон кентінде белгілі волейболшы Сүлеймен Құлжановты еске алуға арналған облыстық ашық турнир өтіп, оған барлығы 9 команда қатысты.

Аталмыш турнирде бақ сынаған ауданның құрама командасы топтық бәсекеде Махамбет ауданы, «Жылыой-2», «Бейнеу-2» командаларын ұтып өз тобынан бірінші орынмен шықты. Ал, жартылай финалда Бейнеу ауданы командасын жеңіп, ақтық сынға жолдама алды.

Алайда, финалдық бәсекеде ауданның құрама командасы Махамбет ауданынан ұтылып, екінші орынға ие болды. Осы орайда, мұқырлық Құспанғали Орысбаев бастап барған команда сапында Жандос Төлеуғалиұлы (Мұқыр), Бекарыс Қойшыбайұлы, Алпамыс Есекенов (екеуі де Сағыз), Әділет Байбоз (Жамбыл), Нұрлан Сағындықов (Тасшағыл), Сайфолла Сағидолла (Ойыл), Қайсар Кенжеғұл, Дамир Сариев, Ақжол Ғатауовтар (үшеуі де Тайсойған) өнер көрсетіп, аудан намысын абыроймен қорғап қайтты.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521