Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АМАНЖАНҒА АТ МІНГІЗДІ

Газетіміздің өткен санында Беларусь елінің астанасы Минск қаласында ел Президентінің жүлдесіне арналған спорттық және жауынгерлік самбодан халықаралық А санаты турнирінде мұқырлық Аманжан Әбу 52 келі салмақта Әлем кубогінің жеңімпазы болып, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын иеленгендігі туралы жазылған-ды.

amanzhan3

Жақында Аманжан туған өлкесіне келіп, жерлестері Әлем чемпионын салтанатты түрде күтіп алды. Шара барысында, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Асқар Ақтаев пен Мұқыр ауылдық округінің әкімі Мереке Есқалиев құттықтау сөз сөйлеп, қазақы дәстүрмен Аманжанның иығына шапан жапты.

amanzhan2

Сондай-ақ, ел мерейін асқақтатқан спорт саңлағына ауыл жастары ат мінгізіп, қошемет көрсетті. Осылайша, ауыл, аудан абыройын бір көтеріп тастаған батыр ұлды жерлестері ерекше сезіммен ұлықтай білді.

Әсем ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521