Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бекет – халықаралық турнирдің жүлдегері

Жақында Түркістан қаласында қазақ күресінен даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған халықаралық турнир өтіп, оған Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің бірнеше аймағынан 200-ге жуық апайтөс балуандар қатысты.

Аталмыш жарыста 55 келіде облыс намысын қорғаған жерлесіміз Бекет Жүніс алғашқы белдесулерінде Ресей елінің және Ақтөбе, Алматы облыстарының балуандарын жеңіп жартылай финалға шықты. Алайда, ақтық сынға берілер жолдамада қарағандылық балуаннан жеңіліп қалса, үшінші орын үшін болған белдесуде жамбылдық қарсыласын таза жеңіп, қола жүлдегер атанды. Сөйтіп, аудан абыройын асқақтатқан Бекеттің осындай жетістікке жетуіне жаттықтырушысы Айбек Серғазиевтің еңбегі зор.

 

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521