Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Балғын боксшылардың бәсі биік

Исатай ауданында 2008-2009, 2012-2013 жылдары туған жасөспірімдер арасында Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашық турнирі өтіп, оған қатысқан аудан боксшылары 1 алтын, 3 күміс, 7 қола медаль жеңіп алды.

Атап айтқанда, Қызылқоға балалалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Сағыз, Миялы бөлімшелерінде жаттығатын боксшылар арасында 26 келіде Әлихан Іңірбай барлық қарсыласынан басым түсіп, жарыс жеңімпазы атанса, Бақыт Қарабалин (26 келі), Мадияр Жүсіп (40 келі), Асылбек Мақатбайлар (70 келі) тек финалда ғана ұтылып, екінші орынға ие болды. Сондай-ақ, Арсен Қазбекұлы (28 келі), Ахметжан Құбайдолла (30 келі), Нұрбек Кенжебек, (32 келі), Еркебұлан Муса (33 келі), Нұрдәулет Ноғай, (36 келі), Дәулет Абайұлы, (50 келі), Жігер Сәкендер (50 келі) үшінші орынға қол жеткізді.

Осы орайда, жас боксшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушылары Мейіржан Сабыров пен Еркін Тұрғановтың еңбегі зор екендігін айта кеткен жөн.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521