Жақында Атырау қаласындағы «Геолог» спорт кешенінде самбо күресінен 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық іріктеу біріншілігі өтті.
Оған Индер, Махамбет, Аққыстау, Қызылқоға аудандарынан жас самбошылар қатысты. Нәтижесінде, Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Сағыз денешынықтыру сауықтыру кешенінде тәрбиеленуші Бауыржан Мағзом 79 келіде ІІ орынға ие болып, Қызылорда қаласында өтетін ел біріншілігіне жолдама алды.
– Ешқашан жарысқа спортшы жеңілемін деп қатыспайды. «Жеңімпаз боламын» деген мақсатта барады. Менің де қарсыластарым осал болмады. Жерлестерімнің сенімін ақтау үшін барымды салып, күрестім. Сәттілік серігім болып Қазақстан біріншілігіне жолдама алдым. Жаттықтырушым Сәлімгерей Нұрболғановқа алғысым зор. Мақсатым – алдағы уақытта өтетін республикалық біршіліктен жүлдемен оралу, - дейді жас палуан.
Кәмшат ӘБІШ