Атырауда облыстық қысқы спорт ойындары басталды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан – спорттық ұлт» жобасы аясында облыс бойынша қысқы спорт айының ашылуы өтті, деп хабарлайды ATPress.kz

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова және Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов қатысты. Шарада «Бейбарыс» хоккей клубының жанына құрылған жас хоккейшілер мен мәнерлеп сырғалаушылардың қойылымдық көрсетілімі ұсынылды.

- Ақпан айы басталғалы ел президентінің алға қойып отырған басты мәселесі – бұқаралық спортты дамыту, оның ішінде жасөспірімдер мен жастар арасындағы спортты нығайту. Облыс әкімі М.Досмұхамедовтың тікелей бастамасымен спортқа дең қойып жүрген ұл-қыздарымызға арналған шаралар облысымызда ұйымдастырылуда. Бұл жердегі басты мақсат – той – тойлап көңіл көтеру емес, салауатты өмір салтын насихаттау, – деді Бақытгүл Хаменова.

Қысқы спорт айының ашылуы шаңғы тебу жарысымен жалғасты.Шаңғы тебуден ерлер арасында 1 орынға Мұстахимов Саят ие болса, қыздар арасында Қабақ Жансая марапатталды.

podpiska_kaz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика