Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Балғын дзюдошылар бәсекесі аудан әкімінің кубогын сарапқа салды

Өткен аптаның жұмасы күні Миялы спорт кешенінде дзюдо күресін дамыту және спортшылар арасында қарым-қатынасты нығайту мақсатында Қызылқоға ауданы әкімінің кубогы үшін дзюдодан 2008-2010 жылдары туған жасөспірім ұлдар арасында аймақтық ашық турнир өтті. Додаға Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан, Атырау қаласы мен Мақат ауданы және ауданға қарасты барлық ауылдық округтерден үш жүзге жуық балғын дзюдошылар қатысып, бақ сынады.

Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Баженов, аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов, аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Мәлік Сүлейменов, аудандық спорт бөлімінің басшысы Асқар Ақтаев және аудан тұрғындары қатысты.

Алдымен сөз алған аудан әкімі Арман Баженов:

– Жастарды спортқа, өнерге баулып, одан нәтиже күту бұл бір күндік дүние емес, өмірлік азық болар дүние. Қазіргі уақытта ауданда спорт саласына ерекше көңіл бөлініп, спорт кешендері салынды. Бұның барлығы жастардың болашағы үшін жасалып жатқан жұмыстар. Ауданда алғаш рет ұйымдастырылып тұрған дзюдо күресінен аудан әкімінің кубогы алдағы уақытта да жалғасын табады. Бүгін жас жеткіншектердің спортқа деген қызығушылығын, ынтасын көріп қуанып тұрмын, – деді. Одан соң аудан басшысы көздіғаралық жас спортшылар Өміржан Байболсынов пен Азамат Даулетбайға қазақ күресінен «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер» спорттық атағын табыс етті.

Жарыстың қорытындысында, командалық есеп бойынша Қызылқоға ауданы әкімінің кубогын миялылық спортшылар иеленді. Сондай-ақ, «Үздік әдісі үшін» атағын миялылық Мейрамбек Жанболат, «Жеңіске деген жігері үшін» атағын атыраулық Мирас Ерлан, «Жас балуан» атағын ақтөбелік Данабек Болатов иеленді. Байрақты бәсеке жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен, медальдармен марапатталды.

ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

20 келі

I орын Ернұр Мәдиұлы

(Миялы а/о)

II орын Ернұр Ерсайынұлы

(Миялы а/о)

III орын Абдулла Жақып

(Атырау қаласы)

III орын Әлихан Жақсылық

(Миялы а/о)

23 келі

I орын Саят Жұмағалиев

(Сағыз а/о)

II орын Аян Әбдіғали

(Мақат ауданы)

III орын Нұртай Бақтыбайұлы

(Көздіғара а/о)

III орын Заңғар Амангелді

(Миялы а/о)

26 келі

I орын Мейрамбек Жанболат

(Миялы а/о)

II орын Нұрберген Қуанышкерей

(Ойыл а/о)

III орын Ерназ Рахым

(Көздіғара а/о)

III орын Дарын Бекболатұлы

(Миялы а/о)

29 келі

I орын Жеңіс Ниязбек

(Сағыз а/о)

II орын Арнат Мақсот

(Сағыз а/о)

III орын Мерат Нұртайұлы

(Атырау қаласы)

III орын Саян Тайжан

(Мұқыр а/о)

32 келі

I орын Әнуар Дайрабаев

(Атырау қаласы)

II орын Бекжан Мұратбекұлы

(Маңғыстау облысы)

III орын Ғаділет Нұрланұлы

(Тасшағыл а/о)

III орын Шыңғыс Есболатұлы

(Миялы а/о)

35 келі

I орын Заманбек Бақтығалиұлы

(Мақат ауданы)

II орын Ілияс Ерболұлы

(Ақтөбе облысы)

III орын Алмаз Арманұлы

(Мақат ауданы)

III орын Нұржан Аманжол

(Сағыз а/о)

38 келі

I орын Ізбасар Болат

(Тасшағыл а/о)

II орын Әділет Балғожин

(Атырау қаласы)

III орын Сұңғат Есенбай

(Ақтөбе облысы)

III орын Нұрәли Жексенғали

(Миялы а/о)

42 келі

I орын Ернұр Қамысқали

(Мақат ауданы)

II орын Бекарыс Махамбет

(Тасшағыл а/о)

III орын Нұрдәулет Ғабдулла

(Миялы а/о)

III орын Бақдәулет Жалғас

(Миялы а/о)

46 келі

I орын Естай Кәдірғали

(Көздіғара а/о)

II орын Оразалы Жұмат

(Сағыз а/о)

III орын Нұрбақыт Мақсот

(Миялы а/о)

III орын Дәулет Мүсірәлі 

(Атырау қаласы)

+ 46 келі

I орын Тоқтар Серік

(Көздіғара а/о)

II орын Рауан Әли

(Маңғыстау облысы)

III орын Жігер Серікбай

(Көздіғара а/о) I

II орын Нұрасыл Зейнеш

(Мақат ауданы)

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521