Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Ауыл ойындары – 2025» Ақтөбеде өтуде!

«Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен өткен ауқымды спорттық додада Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының студенттері бас қосты! Бұл – тек жарыс емес, бұл – ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, жастардың бірлігін бекемдейтін, рухын көтеретін үлкен шара!

Ойындар келесі бағыттар бойынша өтті:
Садақ ату  
Футзал  
Күрес  
Ләңгі тебу  
Тоғызқұмалақ  
Асық ату  
Арқан тартыс


Аталған шараға Атырау қаласынан да бір топ студенттер қатысып, өңір намысын абыроймен қорғады. Елдің болашағы – жастар екендігін тағы бір мәрте дәлелдеген жастарымыз ұлттық рухты биіктетіп, командалық бірліктің жарқын үлгісін көрсетті. 


Сайыс нәтижесі бойынша келесі білім ордалары үздік деп танылды:


 • Садақ ату – 1-орын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
 • Футзал – 1-орын Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
 • Күрес – 2-орын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
 • Тоғызқұмалақ – 1-орын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
 • Асық ату – 3-орын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті


Аталған жетістіктер үшін білім ордаларының басшыларына «Ауыл» партиясының Атырау облысы бойынша өңірлік филиалы шын жүректен алғыс білдіреді. 


Айта кету керек, Атырау облысы атынан қатысқан студенттерді Ақтөбе қаласына «Ауыл» партиясының Атырау облысы бойынша филиал төрағасы Нұртас Байжанов және оның орынбасары Азамат Алибев арнайы бастап апарды. Бұл – жастарға деген сенім мен қолдаудың нақты көрінісі.


Ұлттық ойын – ұлттың жаны. Осындай игі бастамалар арқылы жастардың рухы оянып, дәстүрге деген құрметі артып, ел бірлігі мен патриоттық сезімі күшейе түседі! 🇰🇿  


Атыраудан аттанған жалынды жастарымызға алғыс білдіреміз! Жеңіс – жігерлілерге! ⠀  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT