Бүгін Миялы ауылындағы спорт кешенінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған дзюдодан жасөспірімдер арасында аймақтық турнир басталды.
Спорттың бұқаралығын арттыру, ауыл спортының деңгейін көтеру мақсатында ұйымдастырылып отырған жарысқа Ақтөбе қаласынан, Ақтөбе облысының Ойыл ауданынан, Атырау қаласынан және облысымыздың Мақат, Исатай, Индер, Қызылқоға аудандарынан келген 150-ге жуық палуан 35, 38, 42, 46, 50, 55, 60, 66, 73 және +73 келі салмақтарда белдесуде.
Турнирдің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов, ауданның Құрметті азаматы, спорт ардагері Мәлік Сүлейменовтер жас палуандарға сәттілік тілесе, аталмыш бөлімнің басшысы Жарас Есенғалиев жас палуандар Дидар Аманжол, Саламат Жандарбеков, Жазира Қожықтарға дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер атағын табыс етті.
Өтіп жатқан дзюдодан аймақтық турнир туралы толығырақ аудандық «Қызылқоға» газетінің келесі санынан оқи аласыздар.
Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ