Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда жүгіру және жаяу жүруден өткен марафонға 250 адам қатысты

Жексенбі күні өткен марафон 13 пен 62 жас аралығындағы салауатты өмір салтын ұстанушы тұрғындарды жинады.

XYZ қауымдастығы мен Kemel тобы ұйымдастырған "5K Run & Walk" марафонына шетелдік компаниялардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері қатысты. Марафонның жалпы қашықтығы 5 шақырымды құрады. Ретро парк - орталық көпір – Ретро парк бағыты бойынша өткен марафон көп адамды біріктірді. Нигериядан келген Тереза Окерекенің айтуынша, ол Атырауға күйеуімен тура бір жыл бұрын жұмысқа келген. Үш баланың анасы өзін үнемі формада ұстауға тырысады.

- Маған Жайық жағалауында балалармен серуендеген өте ұнайды, жағалау өте әдемі. Анголадағы досым Литисиямен бірге жаяу жүру марафонына қатыстым. Мұндай іс-шаралар жаңа адамдармен танысуға мүмкіндік береді- деді Тереза Окереке.

Марафонның ең жас қатысушысы - 13 жасар Ұлан Омаров болды. Екінші жыл қатарынан ол ересек қарсыластарымен бірге жаяу жүру жарысына қатысуда.

- Марафонға анаммен бірге келдім, 5 шақырым жаяу жүруді жоспарлап отырмын. Мен өзім жүзуге барамын, күн сайын ерте тұрамын. Спортпен шұғылданғанды ұнатамын, өскенде де салауатты өмір салтын ұстанғым келеді,-деді 13 жасар Ұлан Омаров.

Марафонның ең үлкен қатысушысы АҚШ-тан келген 62 жастағы Стив Коннер болды. Ер адам марафонға әйелі Элизабетпен бірге қатысып, 5 шақырым жолды жүгіріп өтті. Жарысқа қатысушылардың айтуынша, олар спортпен саналы түрде айналысады. 57 жастағы Заманбек Жауыр осы марафонның екінші жылы қатарынан жүлдегер атанды.

- Өткен жылы жүгіру бойынша өзімнің жас санатымда үшінші орынды, биыл жаяу жүру бойынша екінші орынды иелендім. Жалпы, 2005 жылдан бастап түрлі қайырымдылық марафондарына қатысамын. Жүгіру және жаяу жүру марафонының қорытындысы бойынша 35 + және 35- номинациялар бойынша 18 жеңімпаз анықталды. Олардың арасында әйелдер де, ерлер де бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT