banner_damu

АТЫРАУДА ЖЫЛ СПОРТШЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Sports awards - 2021» салтанатты іс-шарасына қатысып, спортшыларды марапаттады»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты іс-шарада аймақ басшысы Тәуелсіздік жылдары елімізде халық денсаулығына, дене шынықтыру мен спорт саласының дамуына, салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. «Оның нақты көрінісінің бірі — Қазақстан  бүгінде әлемдік спортта өзгелер санасатын мемлекеттердің біріне айналды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында халыққа спортпен тұрақты айналысатындай жағдай жасалуын тапсырған болатын. Оның ішінде, бұқаралық спорт пен балалар спортын дамыту - басты назарда»,-деген аймақ басшысы өңір спортының да  жағдайына да тоқталды.

«Облысымызда бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріліп, спорт кешендерінің саны жыл санап артып келеді. Қазіргі таңда облыс тұрғындарының 36 проценті спортпен шұғылданады. Бұл көрсеткіш бойынша Атырау облысы республикада алдыңғы орындарда келеді.

Өздеріңізге белгілі, биылғы жыл облыс спорты үшін табысқа толы болды. Паралимпиада ойындарындағы үш күміс жүлде – біз үшін керемет жетістік. Мұның барлығы салаға жасалған жағдай мен табанды жаттығулар, ерік-жігердің жемісі. Спортшылар мұнайлы астананың спорттық айбынын лайықты түрде қорғауда. Дарынды спортшыларымыздың арқасында облысымыздың жетістікке толы спорттық тарихы мен тамаша дәстүрі қалыптасты. Біз жеңімпаз ұландарымызды әрдайым  мақтан тұтамыз. Жаттықтырушыларымыз алдағы уақытта облыс мерейін асырып, даңқын шығаратын шәкірттерді тәрбиелей беретініне сенемін»,-деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Салтанатты іс-шарада облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов параволейболшы Бауыржан Сартаевқа 2 бөлмелі пәтер кілтін табыстады. Сонымен қатар, аймақ басшысы спортшыларды марапаттап, жыл қорытындысы бойынша жетістікке жеткен спортшыларға номинацияларды табыстады. Олардың қатарында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалдері мен облыс әкімінің Алғыс хаттары бар. Осы тұрғыда Министрліктің төсбелгісімен Облыстық шахмат федерациясының вице-президенті Сабырбай Гайсин марапатталды.

Сондай-ақ, Махамбет Досмұхамбетов «Жыл спортшысы» номинациясының арнайы кубогын табыс етті. Бұл бойынша Олимпиадалық спорт түрінен Сырбаз Талғат, Олимпиадалық емес спорт түрлерінен Нұрсұлтан Жұмабаев «Жыл спортшысы» атанды.

Өз кезегінде, футбол жанкүйері Әли Тұрғанбек құттықтау сөз сөйледі.

«Құрметті спортшылар, бүгінгі салтанатты кеште марапат алуларыңызбен құттықтаймын. Спортта біздер үшін еш кедергі жоқ екендігін аға-апайларымыз тағы да дәлелдеді. Сіздердің алдарыңызда сөз сөйлеу мен үшін үлкен мәртебе. Баршаңызға алғыс айта отырып, Атырау спортына табыс тілеймін»,-деді ол.

Сонымен қатар, іс-шарада облыс спортының жетістіктері туралы бейнебаян көрсетіліп, концерттік бағдарлама келушілер назарына ұсынылды.

Айта кетейік, аталған іс-шараға Пекин олимпиадасының қола жүлдегері Арман Чилманов, Токио паралимпиадасының жүлдегерлері  Әнуар Сариев, Дәулет Теміржан, Зарина Байбатина және бапкерлері Жандос Қиянов қатысты.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика