1 наурыз Алғыс айту күніне орай Миялы спорт кешенінде жасөспірімдер арасында тоғызқұмалактан жарыс өтті.
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жарысқа он жасөспірім қатысты. Тартысты өткен тоғызқұмалақ сайысында Бибінұр Қоңыр жеңімпаз атанса, Іңкәр Тілекқабылқызы екінші орынды жеңіп алды. Жүлделі үшінші орынға Гүлхан Сарбаспай қол жеткізсе, үздік ойынымен көзге түскен Бекет Оңаш пен Альбина Сембай алғыс хатпен марапатталды.
Жеңімпаз-жүлдегерлерге бөлім атынан дипломдар мен медальдар табыс етілді.