Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жыр болған ауызсуы

Одан әрі кітапханаға қарай беттедік. Біз кітапхана есігінің тұтқасы матамен байланып тұрғанын көрдік. Кітапхана жанынан өтіп бара жатқан ауыл тұрғынын тоқтатып, сөзге тарттық. Жеке мал шаруашылығымен айналысатынын Қайролла Мұқашұлы:

- Мен 60-шы жылдары салынған екі үйліктің бір жақ жартысында тұрамын. Жарлас үйде бұрын Мырзағай деген жігіт тұрып еді, қазір бос тұр. Үйдің іргетасы ашылып, өз қолымызбен тастарды қалап тіреп қойдық. Бұл үй құласа менің де үйіме зақым келеді. Округ әкімі аппаратындағыларға ескерттік. Әйтсе де, олар: «Үйдің құжаттары жоқ, сондықтан бірінші үйдің құжаттарын жасатып жатырмыз» деген жауаппен құтылды,- деп үйіне алаңдаушылық білдірді.

Сонда бізге рухани дүние керек емес пе? Мемлекет басшысы ауылдың мәселесін шешу керек деп жатқанда, жергілікті басшылардың бір кітапхана мәселесін шеше алмай, сағызша созып жүруін қалай түсінуге болады? Клуб жабық, интернет байланысы төмен, кітапхана құлайын деп тұр. Сонда қарапайым тұрғындар құмға көміліп, су алуда бар қиындықты бастан кешіріп, малдың соңында рухани жұтаңдықпен өмір сүре беруі керек пе? Осындай артта қалған ауылды көріп, «Неге жергілікті басшылар қарапайым халықтың жәйін ойламайды?» деген ойға қалдық. Осылайша, шағын ауылдағы қордаланған мәселелерді көзбен көріп, түрлі ой жетегіне кеткен біз одан әрі бағытымызды Қосқұлақ елді мекеніне бұрдық.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521