Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бүйректің мұңы бес батпан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы баршаға ортақ міндет.

Осы орайда, «Тұрғындар тілегі қаншалықты орындалуда?» деген сауал туындайтыны анық. Аталмыш сұраққа жауап іздеген біз Көздіғара ауылдық округіне жолға шықтық.

Құлайындеп тұрған үй

Округ шекарасына кірген сәттен бастап, жан жағымыздан елді мекендерді іздей бастадық. Бір мезетте ылдидан шағын ауылды көзіміз шалып қалды. Аты жазылған тақтайшасы болмаған соң, қандай ауыл екенін білмекке сол ауылға қарай ат басын бұрдық. Біраз жолды артқа тастап, ауылға жақындай бастағанда жеңіл автокөлігіміздің жүруі бәсеңсіп, қозғалысы ауырлай түсті. Сөйтсек, жолдардың барлығын құм басып қалған. Ауыл ішіне кіріп, алғашқы үйдің жанына келіп тоқтадық. Біз жеткен Бүйрек елдімекені екен. Күнделікті күйбең тіршілігімен жүрген екі әйел адамды байқадық. Қастарына жақындап, аудан орталығынан келгенімізді, ауылда қандай мәселелер бар екендігін сұрадық. Сол-ақ екен аталмыш елдімекен тұрғыны Гүлзада Мұханбетова бірден шешіле сөйледі.

- Бүйрек елді мекенінде 16 түтін орналасқан, көбі зейнеткерлер. Ауыл тұрғындары кезекпен қоғамдық жұмысқа тартылып отырады. Әйтсе де, көп жастарымыз жұмыс іздеп ауданға, қалаға кетті. Ауылымызға мұнара арқылы су келіп тұр, барлығы осы мұнарадан су тасиды. Ауыз суды үйлерге тартып береміз дегенге 3-4 жылдың көлемі болды. Қыстың қақаған аяздарында су қатып қалып жатады, сонда өзіміз қолдан келгенше бар құралдарымызбен тұрбаларды жылытып әрең дегенде ерітіп аламыз. Одан қалса, өзіңіз көріп тұрғандай ауылымызды құм басып жатыр. Оны түйдіруге 20-30 мың теңге, кейде 50 мың теңге сұрайды. Орталыққа бару үшін арнайы автокөлік жалдаймыз. Жолақысы адам басына округке 500 теңге, аудан орталығына 1000 теңге. Қыста тракторға, уазға мініп кезекпен керегімізді алып келеміз. Бұл жерге көп жеңіл автокөліктер келе алмайды. Бір жылдары қыста ауыл жұрты бұлқынған боранда ешқайда бара алмай аштан қырылып қалуға қалған. Ауылымызда кітапхана мен клуб бар, ол бұрындары Кеңес Одағының кезінде шопандардың қыстағы болып, қазір мәдениет ошағына айналып отыр. Клубымызды штат жоқ деп жауып тастады. Мәдениет ошағынан қалған жалғыз сол кітапхана. Ауылда дүкен де, монша да жоқ. Оларға бару үшін тағы да автокөлік жалдаймыз. Алған зейнетақымыз тамағымыз бен жолымыздан ауыспайды. Керек азық-түлігімізді округ орталығынан барып аламыз. Онда да қарызға жаздырып, кейін зейнетақымыз түскен кезде бір-ақ төлейміз. Қазіргі біздің күн көрісіміз – мал шаруашылығы. Балаларымыз Көздіғара ауылдық округіндегі интернатта жатып оқитын еді, алайда қазіргі таңдағы жағдайға байланысты онлайнға көшіп, ауылда оқуда. Ауылымызда байланыс та дұрыс ұстамайды, балалар құм төбесіне шығып, қолдарын аспанға созып тұрып, әрең дегенде байланысқа шығады, - дейді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521