Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Интернетке мұқтаж ауыл балалары

Бүйрек елді мекеніне қарағанда, бұл ауылға тікелей тас жол арқылы келуге болады. Әйтсе де, ауыл ішіне әлі тас жолы тартыла қоймаған Қосқұлақ елді мекенінде 17 үй орналасқан. Ауыз су тапшылығы мен интернет мәселесі бұл ауылда да өзекті мәселеге айналған. Ауыл ішінде бір ғана тұщы құдық бар. Алайда, оның беті жабылмаған. Тұрғындардың жартысы осы құдықтан су тасыса, жартысы округ орталығынан тасиды. Көше бойларына жарықтар орнатылғанымен, олардың барлығы ескірген. Аталмыш елді мекен тұрғыны Жанаргул Мұхитова:

- Қазіргі жағдайға байланысты балаларымыз онлайн оқиды. Терезе алдында телмірген балаларымыз ватсап желісі арқылы келген ақпараттарды уақытылы аша алмай, мұғалімдерінен ұрыс естіп жататын кездері болады. Өзім де, жолдасым да жұмыссыз. Күнкөрісіміз шағын мал ғана. Үш баламның үшеуі де сабақ оқиды, ең кішісі биыл 1 сыныпқа барды. Интернет жүйесін жақсартып берсе, балаларымызға онлайн оқу мұншалықты қиындық тудырмас па еді? Балаларымыздың болашағына қатты алаңдаймын, - деп мұңын шақты.

- Жарлас екі үйліктің бір жақ бөлігінде тұрамын. Екінші жартысын бұрын тұрған көршім бұзып алып кеткен. Содан бері үйдің қабырғалары жарылып, төбесі құлайын деп тұрғасын, қазір үйдің жарын ағаш тіреуіштерімен тіреп қойдым. Әлсін-әлсін сылап-майлап қойғанмен, бәрібір екінші жағынан жарларымыз жарылып жатады. Округ әкімі аппаратына жағдайымды айтсам, өз қалтаңыздан қаржы шығарып, ақылы арнайы комиссия шақыру керек деп өзіме бас салады. Мен жалғызбасты зейнеткермін. Алған зейнетақым тамағымыз бен дәрімнен ауыспайды. Сонда мемлекет тарапынан көмек қолын созуға болмай ма? - дейді зейнеткер, жалғызбасты ана Жансая Абдуллина.

Айгерім БАЙДӘУЛЕТ

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521