Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҰЖЫМ БОЛЫП ЖАЗЫЛДЫ

     «Баспасөз-2023» науқанының аяқталуына да санаулы күндер қалды. Бүгінде «Аудан тынысынан хабардар болып, рухани сусындап отырайын» деген жандар аудандық газетке жазылып, қолдау білдіруде. Жеке тұрғындардан бөлек өздеріне берілген межеден шығып, ауызбірлік танытқан ұжымдар да жетерлік. Солардың бірі – Миялы балалар өнер мектебі. Бір қызығы – аталмыш мекеме қарбалас жұмыспен жүріп, газетке жазылу науқаны жүріп жатқандығын мүлде ұмытып кеткен. Таяуда, газетіміздің бас редакторы Бауыржан Сисенов арнайы барып, өнерлі ұжымды газетке жазылуға шақырғаннан кейін, бәрі бірауыздан қолдап, бүгінде мекемеге берілген межені асыра орындады.

     –  «Қызылқоға» газеті – ауданымыздың айнасы әрі рухани қазынамыз. Сондай-ақ, газет біздің мектеп оқушыларының жетістігін жіпке тізіп жазып, үнемі насихаттап жүреді. Әрі мектепке қарасты ақындық сыныбы оқушыларының тырнақалды туындыларын да жариялап отырады. Сол себептен де бүгін ұжым болып газетке жазылып отырмыз. Аудандық басылымның мәртебесі асқақтап, оқырманы көп болсын, - дейді мектеп директоры Дана Маделбекова.

Бұдан бөлек, аудандық газетке жазылуды «Арман» мәдениет үйінің ұжымы да ертерек қолға алып, межеден шыға білді. Ал, аудандық білім бөліміне қарасты №6 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің ұжымы болса «Біз газетке жазылайық деп едік» редакцияға өздері хабарласып, жазылуды қолға алды. Әрине, бұл ұжымдарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Алайда, науқан аяқталуына санаулы күндер қалса да әлі немқұрайлылық танытып отырған мекемелер бар. Солар жоғарыда аталған ұжымдардан үлгі алып, ұйымшылдық танытса нұр үстіне нұр болар еді.

 Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT