Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚУАТТЫ ӘСКЕР – ТЫНЫШТЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

     «Арман» мәдениет үйінде «Айбынды жастар – Жаңа Қазақстанның тірегі» атты әскери-патриоттық акция өтті. Оған облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері, қорғаныс саласының ардагерлері, мектептердегі алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері мен  жоғары сынып оқушылары қатысты.

         Жиынды ашқан Миялы ауылдық округінің әкімі Сәндібек Салықов қонақтарға қош келдіңіз айтса, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің тәрбие-идеологиялық басқармасының бастығы Асхат Айтенов:

    – Қазіргі таңда, елімізде қарулы күштерге баса мән беріліп, жан жақты қолдау көрсетілуде. Себебі, әскердің қуатты болуы – ел тыныштығының кепілі. Бұл орайда, облыстағы әскери бөлімдер саны жағынан да, сапа жағынан жақсы көрсеткішке ие. Таяуда республика көлемінде өткен «Жас сарбаз» сайысында атыраулық әскерилер жүлделі екінші орынға ие болды. Бұл біз үшін мақтаныш. Міне, осындай жетістікке жетіп, ел қорғағысы келетін жастар болса соларды әскери оқу орындарына шақырамыз. Қазір еліміздегі барлық әскери оқу орындарында оқу, тамақ, киім бәрі тегін. Барлығында да заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған, - деген пікірін білдіріп, бұдан соң аудандағы алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдерін облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының Алғыс хатымен марапаттады.

        Бұдан кейін қорғаныс саласының ардагері Есенбай Нұров пен жерлесіміз, Шучинск қаласындағы әскери колледждің түлегі Терекбай Ерболатов сөз алып, жастарға әскери өмірдің артықшылықтарын айтып берді. Шара соңында Б. Аманшин, Х. Досмұхамедұлы атындағы және №9 орта мектептердің жоғары сынып оқушылары  автоматты бұтарлап жинаудан көрініс көрсетті.

Дулат МӘТЖАН,

Суреттерді түсірген автор

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT