Жұмысшы мамандықтар жылына орай аудандық мансап орталығында барлығы 11 мекеме, кәсіпорынның қатысуымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі және ашық есік күні өткізілді.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 33 жұмыссыз тұрғын келіп өздерінің тиісті құжаттарын тапсырды. Өздеріне қажеті мамандарға сұрау салған 11 мекеме қатынасып, оларға 6 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Субсидияланатын жұмыс орындарына қоғамдық жұмыс бағдарламасы бойынша 2 тұрғын жұмысқа жолданды.
Ашық есік күні мансап орталығына келген жұмыссыз азаматтарға мансап орталығы арқылы жолданатын субсидияланатын жұмыс орындары, оның ішінде қоғамдық жұмыс, жастар тәжірибесі, алғашқы жұмыс орны, әлеуметтік жұмыс, күміс жас бағдарламасы, ұрпақтар келісім шарты жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
-Үстіміздегі жылға Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз гранттар қандай санаттағы адамдарға берілетіні және ол қалай жүзеге асырылатыны жөнінде жан-жақты түсінік берілді,-дейді орталық директоры Динара Мусина.
С.КӨШЕКОВ
Индер ауданы